Оқушыларды өзенге апарған мұғалім суға батып кетті

Оқушыларды өзенге апарған мұғалім суға батып кетті

Оқушыларды өзенге апарған мұғалім суға батып кетті
ашық дереккөзі
50434
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары Олег Трещев мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. 
«Усолка өзенінде Торайғыров университеті жоғары колледжінің ұстазы суға батып кетті. Ол колледж оқушыларын өзенге апарған. Өзінің суда жақсы жүзетінін көрсетпек болған. Өзенді жүзіп өтем деп күші жетпей қалған», - деді Олег Трещев.
Спикердің айтуынша, марқұм ұстаз колледждің 1-2 курс студенттеріне далалық-әскери жиын өткізіп жүрген.
«Ол жиын тек колледждің аумағында өту керек болған. Алайда ұстаз өзі бастама тастап, өзенге барған. Марқұм 23-24 жастағы жас ұстаз еді», - деді Олег Трещев.
Қазір аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары