50286
Ирактың Эрбил қаласында жарылыс болды
Ирактың Эрбил қаласында жарылыс болды

Ирактың Эрбил қаласындағы Эрбил-Пирмам тас жолында жарылыс болды деп хабарлады turkystan.kz.
«Курдистан 24» телекомпаниясының жаңалықтар қызметі Эрбил-Пирмам жолындағы жарылыс салдарынан жақын маңдағы бірнеше көлікке зақым келгенін хабарлады.
Оқиға орнына қауіпсіздік күштері жетіп, жарылыс себептерін анықтау жұмыстары басталды.