Түркістанда Триптих: «Гамлет», «Қарагөз», «Фауст» спектаклінің премьерасы өтеді

Түркістанда Триптих: «Гамлет», «Қарагөз», «Фауст» спектаклінің премьерасы өтеді

Түркістанда Триптих: «Гамлет», «Қарагөз», «Фауст» спектаклінің премьерасы өтеді
ашық дереккөзі
Қазақстанда тұңғыш рет Түркістан музыкалық драма театры сахнасында 18,19 маусым күндері сағат 18.00-де Триптих: «Гамлет», «Қарагөз», «Фауст» спектаклінің ПРЕМЬЕРАСЫ өтеді деп хабарлады turkystan.kz. В. Г. Белинский: «Гамлет» — драмашы ақындар патшасының басындағы алтын тәжінің ортасына қадап қойылған, жарқыраған асыл гауһар тас». Т. Жұртбай: «Тағдыр мен тауқымет, махаббат пен ғадауат. Зар еңіреген көшпелі Заман, Ойы екіге жарылған адамның Ақыл азабы, Есіле көсіліп шаттаньш, егіле Жылау Мұхтар шығармаларының ішінде тек «Қаракөздің» маңдайына жазылған сыбаға». И.В.Гёте: «Мен бірнеше махаббат романдарын басымнан өткердім де, махаббат – дүниедегі ең биік құдырет деп санадым». «ТРИПТИХ» – Шекспир, Әуезов, Гете сынды үш жазушының әйгілі үш туындысының сахналық нұсқасы. Бұл туындылардың жарық көргеніне қанша ғасыр болса да, әлі өзектілігін жоймай келеді. Әлемдік деңгейдегі шығармалар біртұтас режиссерлік көзқарастарға негізделіп қазақ театр сахнасында алғаш рет сахналанып отыр. Аталмыш спектакльде махаббат атты ұғымның мән-мағынасына басқаша үңіліп, классикалық шығармаларға жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік туады. Спектакльді сахналауға арнайы шақыртылған режиссер Әлібек Өмірбекұлы қойылымды бүгінгі заманауи тілде ұсынбақ. Түркістан театрының актерлік құрамының потенциалын жаңа қырынан ашу, театр тынысын заманауи бағытқа тәрбиелеуде «Триптих» спектаклінің айтары көп. Қойылымға дайындық жұмыстары екі айдан астам уақыт жүргізілді. Сахналық нұсқасының авторы әрі режиссері – Әлібек Өмірбекұлы. Заманауи театр тіліне аударған – Мирас Әбіл. Мұның бәрі ескілік...  Бүгінгі ән мұңайған, жүдеу, қаралы...  Жел шалқып еспей күрсінеді... Домбыра күй тартпайды... Жылайды... Қыз ән шырқатпайды, сыбырлайды... Көрінде тоқсан толқып, жүз күңіренген Қаракөз, Офелия, Маргарита сезімнің сергелдеңін сендерге әкелді... Тербеуге көнсең — тербетпекші... Сергимін десең — сергітпекші... Сыпайы жігіт, үлгілі қыз! Мені кім деп сұрасаң? ... Мен ғашықпын! ... Мен Сырым, Гамлет, Фауст, солардың замандасымын...  Мәңгілік махаббат дастанын сендерге жеткізуге қалған елшімін. Менің шын атымды сұрасаң??? Ескі әңгіме, кәрі күймін... Алдыңа әлі де әлденеше рет келермін.