Иранда пойыз рельстен шығып кетті

Иранда пойыз рельстен шығып кетті. Салдарынан 17 адам қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz.

ISNA агенттігінің мәліметінде 420 жолаушысы бар пойыз Тебес қаласынан Йездке бет алғаны жайлы айтылған.

Оқыс оқиға кезінде 17 адам қаза тауып, отыз жолаушы жарақат алған. Бесеуі ауыр халде емханада жатыр.

ж

Іздестіру-құтқару операциясы жалғасып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button