Надаль Роллан Гаррос турнирін он төртінші рет ұтып алды

Надаль Роллан Гаррос турнирін он төртінші рет ұтып алды

Надаль Роллан Гаррос турнирін он төртінші рет ұтып алды
ашық дереккөзі
36 жастағы испаниялық теннисші Рафаэль Надаль Ролан Гаррос турнирінің чемпионы атанды деп хабарлады turkystan.kz.  Финалда Надаль норвегиялық Каспер Руудты 6:3, 6:3, 6:0 есебімен жеңді. Осылайша, испаниялық спортшы Франция ашық чемпионатын он төртінші рет ұтып, топырақ төсенішіндегі өзінің теңдесі жоқ теннисші екенін дәлелдеді. Сонымен қатар ол ерлер арасында Ролан Гаррос турнирінің ең жасы үлкен жеңімпазы болды. Бір жыл ішінде теннисші Аустралия және Франция ашық чемпионатында үздік шығып отыр. Турнирде Рафаель үздік ондыққа кіретін төрт ойыншыны, соның ішінде әлемнің 1-ракеткасы, сербиялық Новак Джоковичті жарыс жолынан тайдырды. Осымен «Үлкен дулыға» турнирлерін 22 рет жеңіп алған Надаль спорттық мансабын жалғастыратынын мәлімдеді. Ал, әйелдер арасында әлемнің бірінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Свентек Ролан Гаррос додасының екі дүркін жеңімпазы атанды. Ол 35 матч бойы жеңілмей келеді. Ол бұл жөнінен спортшы америкалық Винус Уильямспен теңесті. Айта кетейік, Ролан Гаррос жарысында Қазақстан атынан қатысақан отандасымыз Елена Рыбакина үшінші айналымға дейін жетіп, былтырғы көрсеткішін (ширек финал) қайталай алмады.