АҚШ-та жеңіске жеткен төрт қазақстандық боксшының видеосы жарияланды

АҚШ-та жеңіске жеткен төрт қазақстандық боксшының видеосы жарияланды

АҚШ-та жеңіске жеткен төрт қазақстандық боксшының видеосы жарияланды
ашық дереккөзі
5 маусым күні төрт қазақстандық спортшы АҚШ-тағы Миннеаполисте өткен бокс кешінде максималды жоспарды орындап, қарсыластарын нокаутқа жіберді деп хабарлады turkystan.kz Әбілхан Аманқұл кәсіпқой бокстағы қадамын жеңіспен бастады. 24 жастағы Аманқұлдың қарсыласы - америкалық Девонте Макдональд. Орта салмақтағы жекпе-жек төрт раундқа есептелгенімен, үшінші кезеңде отандасымыздың жеңісімен аяқталды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Suleimen Promotions (@suleimen_promotions_official)

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-капитаны Абылайхан Жүсіпов те, Әбілхан Аманқұлдың жеңісті жолын жалғастырды. Отандасымыз тәжірибелі мексикалық Эдгар Рамиреспен (18-20-1, 14 КО) кездесті. Жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған, бірақ алғашқы үш минутта Жүсіпов қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Suleimen Promotions (@suleimen_promotions_official)

  Орта салмақтағы боксшы Бек Нұрмағанбет америкалық Хайнел Уилермен жұдырықтасты. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланды, алайда  екінші раундта отандасымыздың жеңісімен аяқталды. Ол қарсыласын нокаутқа түсірді. Бұл - Нұрмағанбеттің кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісі.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Suleimen Promotions (@suleimen_promotions_official)

  Ал супер жеңіл салмақ дәрежесіндегі қазақстандық боксшы Евгений Павлов мексикалық Алексис Салидомен кездесті. Жекпе-жектің екінші раундында отандасымыздың пайдасына шешілді. Ол қарсыласын нокаутқа түсірді. Павлов кәсіпқой бокста жетінші жеңісіне қол жеткізді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Suleimen Promotions (@suleimen_promotions_official)