Референдум: Атырауда тергеу изоляторында отырған азаматтар дауыс беруде

Референдум: Атырауда тергеу изоляторында отырған азаматтар дауыс беруде

Референдум: Атырауда тергеу изоляторында отырған азаматтар дауыс беруде
ашық дереккөзі
Атырау облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің УГ-157/1 мекемесінде №76 жабық сайлау учаскесінде дауыс беру жүргізілуде деп хабарлады turkystan.kz Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. УГ-157/1 мекемесінің бастығы Думан Таженовтың айтуынша, учаске сағат 07.00-де ашылды және 181 тергелуші  заңды дауыс беру құқығын пайдаланды.
«Тергеу изоляторында алдын ала дауыс беру үшін барлық жағдай жасалған.  181 тергеудегілер референдумға қатысуға ниет білдірді», - деді Думан Таженов.