50305
Жібек Құламбаева Италиядағы жарыстың финалына шықты
Жібек Құламбаева Италиядағы жарыстың финалына шықты

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Брешия (Италия) ITF W 60 жарысының финалына шықты деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақстандық теннисші латвиялық Диана Марцинкевичпен бірге жартылай финалда осы турнирдің үшінші ракеткалары, румыниялық Андрея Пришакариу - италиялық Камилла Розателло жұбымен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-латвиялық жұп бірінші партияда айқын басымдылық көрсетті. Есеп - 6:2. Екінші сетте қарқынын тіпті үдетті. Есеп - 6:1. Матч бір сағат 18 минутқа созылды.
Ж.Құламбаева мен Д.Марцинкевич финалда италиялықтар Нурия Бранкаччио - Лиза Пигато немесе швециялық Юлита Санер мен болгариялық Юлия Пержийска жұптарының қай жеңгенімен бас жүлдені сарапқа салады.