Елімізде автокөлік бағасы 17 пайызға арзандады

Елімізде автокөлік бағасы 17 пайызға арзандады

Елімізде автокөлік бағасы 17 пайызға арзандады
ашық дереккөзі
203

Қазақстан Автобизнес ассоциациясының дерегі бойынша наурыз айында отандық нарықта 8369 автокөлік сатылған. Ақпан айында 9221 темір тұлпар сатылғанын ескерсек, бір ай ішінде автокөлік нарығы 9,2 пайызға құлдыраған. Ал өткен жылдың дәл кезеңімен салыстырсақ, 34,7 пайызға әлсіреген. Бұл туралы Ассоциацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Zakon.kz хабарлады. 2015 жылдың бірінші тоқсанында барлығы 25385 автокөлік сатылыпты, бұдан отандық нарықтың өткен жылдың бірінші тоқсанына қарағанда 27,3% пайызға құлдырағанын көруге болады. Ақпан айымен салыстырғанда наурызда жеңіл автокөліктер арасынан «Renault»-тың сатылымы жоғары. Қазақстандық нарықтың қарқын алуына Қазақстанда құрастырылған «Chevrolet» маркалы көліктердің үлкен үлес қосып отырғанын айта кету керек. Сондай-ақ, ең жоғары сұранысқа ие бестікке «UAZ», «Subaru» мен «Nissan» енді. Жеңіл автокөліктердің орташа құны наурыз айында 18958 АҚШ долларын құраған. Өткен жылдың осы кезеңіндегі баға 22979 АҚШ доллары болған еді, демек бір жыл ішінде Қазақстанда көлік бағасы 17 пайызға арзандаған. Отандық нарықта ресейлік автокөліктерге сұраныс көбеймесе, азайған жоқ. Мәселен, наурызда сатылған көліктердің 75,4 пайызы – ресейлік өнімдер. «Lada»-ға қызығушылар азайғанымен, Ресей құрастырған «Renault» пен «Toyota» маркалы көліктерді сатып алғандар қатары артты. Бірақ, рубльдің қайта нығаюы салдарынан көрші елдегі көлік құны қайта көтеріліп, екі мемлекеттегі баға теңесті. Қазақстандық компаниялар тұтынушылар өз нарығымызға оралады деген үмітте. Әзірге қазақстандық көліктер барлық сатылымның тек 10,7 пайызын құрап отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылдың наурызымен салыстырғанда екі есе аз. Бүгін Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Жастар форумында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейден автокөлік сатып алған қазақстандықтар ел экономикасына кері әсерін тигізетінін айтты: "Халық үшін бұл жаман емес, қазақстандықтар бірнеше мың арзан автомобиль сатып алды, олар байып қалды. Бірақ қазақстандықтар басқаны түсінбейді: иә, олар сатып алды, бұл жақсы. Бірақ олар біздің автокөлік, азық-түлік кәсіпорындарына зиянын тигізеді, ал сол кәсіпорындарда қазақстандықтар жұмыс істеп жатыр ғой. Ол жақтан айлық алып жатыр. Егер бұл зауыттар жабылып қалса, қазақстандықтардың айлығы болмайды. Тіпті арзан азық-түлікті сатып ала алмай қалады. Екінші жағы осында", – деді Елбасымыз. Сәуірден бастап отандық автокөліктердің 4-6 пайыздық несиемен берілуі нарыққа оң өзгеріс әкелуі тиіс.

Серіктес жаңалықтары