Жеңілдетілген автонесие: бірқатар банк өтінім қабылдауды тоқтатты

Жеңілдетілген автонесие: бірқатар банк өтінім қабылдауды тоқтатты

Жеңілдетілген автонесие: бірқатар банк өтінім қабылдауды тоқтатты
ашық дереккөзі
Еуразиялық банк пен Қазақстан халық банкі келесі аптада өтінім қабылдауды жалғастырады деп хабарлады turkystan.kz.
Бағдарлама операторы – «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өтінім қабылдауды тоқтатқан банктерді атады. Олардың бірқатары жақын арада жұмысын жалғастырады, ал кейбірі өтінімді әлі қабылдап жатыр.
«Қазіргі таңда «Еуразиялық банк» АҚ бірінші транш аясында 15 миллиард теңгенің өтінімін мақұлдады, банк 20 миллиард теңге көлемінде екінші транш алу рәсімін жүргізіп жатыр. «Банк ЦентрКредит» АҚ мен «Қазақстан халық Банкі» АҚ автокредит алуға өтінімдерді мақұлдау арқылы барлық дерлік лимитті игерді», - деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
Қазақстан халық банкі 7,5 миллиард теңге көлеміндегі екінші траншты алу рәсімін бастады. Ал Forte Bank автокредит алуға өтінім қабылдауды жалғастыруда.
Жеңілдетілген автокредитті қаржыландыру аясында қор екінші деңгейлі банктерге 100 миллиард теңге бөлді:
Еуразиялық банк – 35 миллиард теңге (1 транш – 15 миллиард теңге, 2 транш – 20 миллиард теңге);
Банк ЦентрКредит – 27,5 миллиард теңге;
Қазақстан халық банкі – 15 миллиард теңге;
Forte Bank – 15 миллиард теңге.
Жеңілдетілген автокредит бағдарламасының барлық кезеңінде қатысушы банктер жалпы сомасы 71 миллиард теңгеге 9 575 өтінімді мақұлдады, оның ішінде:
Еуразиялық банк – 15,6 миллиард теңгеге 2 068 өтінім;
Банк ЦентрКредит – 25,9 миллиард теңгеге 3 642 өтінім;
Қазақстан Халық банкі – 19,4 миллиард теңгеге 2 630 өтінім;
Forte Bank – 9,9 миллиард теңгеге 1 415 өтінім.