«Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасынан Жаһандық экологиялық қор (Global Environment Facility) бойынша ұлттық үйлестіруші болып тағайындалсын», - делінген құжатта.Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Зүлфия Сүлейменова 2020-2021 жылдары - Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған. 2021 жылғы қаңтар 2022 жылғы наурыз аралығында VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды

Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Сүлейменова Қазақстан Республикасынан Жаһандық экологиялық қор бойынша ұлттық үйлестіруші болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz Үкімет басшысының қаулысына сілтеме жасап.