«Алтын-Емел» паркінде сирек кездесетін аю фототұзаққа ілінді
Алматы облысындағы «Алтын-Емел» ұлттық паркінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюы фототұзаққа түсіп қалды деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы ақпарат «Алтын – Емел» табиғи паркінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
«Алтын – Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында Қызыл кітапта тіркелген сирек кездесетін «Тянь – Шань» қоңыр аюы фототұзаққа түсті», - делінген әлеуметтік желідегі жазбада.

Зерттеушілер алдағы уақытта бақылау жұмыстарын жалғастыратын болады.