Әжелер арасында бесік жырын айтудан сайыс өтті

Әжелер арасында бесік жырын айтудан сайыс өтті

Әжелер арасында бесік жырын айтудан сайыс өтті
ашық дереккөзі
Алматыда ақ жаулықты әжелер бесік жырын айтудан сынға түсті. Балаларды қорғау күні мерекесі аясында өткізілген іс-шара қазақтың әдет-ғұрыптарын дәріптейді деп хабарлады turkystan.kz Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.  Байқауға 11 әже қатысты. Үздік деп танылғандар Медеу ауданы әкімдігінің алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Қазіргі жас келіншектер арасында бесік жырын айтатындар азайып кетті. Балам жақсы қазақы тәрбиемен өссін деген аналар оны ұмытпағаны жөн. Бүгінгі балаларды қорғау күні құтты болсын. Қазақтың даңқын көтеретін сәбилер енді келеді деген арманымыз бар», – деді балалар жазушысы Мәркиза Базарбаева.