50686
Президент Қаныш Сәтбаевтың мемориалдық музейін тамашалады
Президент Қаныш Сәтбаевтың мемориалдық музейін тамашалады
Президент Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты жиыннан кейін академик Қаныш Сәтбаевтың мемориалдық музейіне экскурсия жасады деп хабарлады turkystan.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы музей залдарын, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың жұмыс бөлмесін аралап көрді. Онда аса көрнекті геолог ғалымның жеке заттары, құжаттарының түпнұсқалары, сондай-ақ ғылыми және қоғамдық жұмысына қатысты материалдар қойылған.