50303
Цифрлық майнингтен бюджетке 652 млн теңге түсті
Цифрлық майнингтен бюджетке 652 млн теңге түсті

Биыл цифрлық майнингтен бюджетке 652 млн теңге түсті. Бұл туралы мемлекеттік Кірістер комитеті мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.
«2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап цифрлық майнинг үшін төлемақы енгізілді. Цифрлық майнинг үшін төлемақы еліміздің 12 аумағының төлеушілерінен түскен. Ең көп төлем Нұр-Сұлтан қаласынан түскен және бюджетке 277,3 млн теңге төленген. Одан кейінгі орындарда БҚО, Ақтөбе облыстары тұр. Аталған облыстар тиісінше 143,1 млн және 48,9 млн теңгеден қаражат төлеген», - делінген хабарламада.Комитеттің хабарлауынша, аталған төлемақы республикалық бюджетке түседі. Салық кодексінде цифрлық майнинг үшін төлемақы бойынша салық есептілігін тапсыру көзделмеген. Төлемақы сомасы электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 1 теңге мөлшерінде есептеледі.
«Қазір Парламентте цифрлық майнинг үшін төлемақы ставкасын ұлғайтуды көздейтін заң жобасы қарастырылып жатыр» деп толықтырды комитет.