Қазақстан футбол федерациясына 19 мың еуро айыппұл салынды

Қазақстан футбол федерациясына 19 мың еуро айыппұл салынды

Қазақстан футбол федерациясына 19 мың еуро айыппұл салынды
ашық дереккөзі
Қазақстан мен Молдова құрамалары арасындағы матчта жанкүйерлер трибунадан зат лақтырып, алаңға жүгіріп шыққаны үшін УЕФА Қазақстан футбол федерациясына 19 250 еуро көлемінде айыппұл салды деп хабарлады turkystan.kz федерацияның ресми сайтына сілтеме жасап. Спорт саласының шенеуніктері барша жанкүйерлерді алдағы матчтарға бару құқығынан айырылып қалмау үшін қолдау мәдениетін жоғары деңгейде көрсетуге шақырды.
«Мұндай әрекеттер жалғасатын болса, УЕФА ұлттық құраманың ойындарына одан да қатаң талап қоюы ықтимал. Мәселен, ұлттық құраманың ойындарына жанкүйерлерді қатыстырмау туралы шешім шығаруы мүмкін. Сондықтан алдағы ойындарында қолдаудың жоғары әрі мәдениетті деңгейін көрсетуге шақырамыз. Түсіністік танытқан әр жанкүйерге ыстық ықыласымызды білдіреміз», - делінген хабарламада.