Қарағандылықтар «Шапағат» тұрғын үй кешенінің маңына жолауға қорқады

Қарағандылықтар «Шапағат» тұрғын үй кешенінің маңына жолауға қорқады

Қарағандылықтар «Шапағат» тұрғын үй кешенінің маңына жолауға қорқады
ашық дереккөзі

10 жыл бұрын жермен-жексен болған «Бесобаның» орнына салынған 9 қабатты үйдің сапасы сын көтермейді. Тұрғындар желмен бірге ұшып түсіп жатқан қапсырмалардан кейін аулада еркін жүруден қалды  деп хабарлады turkystan.kz.

Әрқайсысының салмағы 7-8 келіге жуықтайды. Адамның үстіне құласа аман қалуы екіталай. Қазір баспанада 160 отбасы тұрады. Алты жыл бұрын тапсырылған үйдің есік-терезесі аңғал-саңғал, қабырғасы қақырапты. Ол аздай, лифт жүрмейді, тоқ сымдары ашық жатыр. Келісім-шарт бойынша балкон шынымен қапталу керек еді, бірақ ол жұмыс та орындалмаған. Құрылыс басталғалы үш мердігер ауысыпты. Соңғы компанияға жұмысты аяқтау үшін қазынадан 367 млн теңге бөлінген. Бірақ нәтижесі осы. Сапасыз құрылыс қалай қабылданып кеткенін жауапты мамандардың өзі айта алмады. Ең сорақасы, қазір үйдің кепілдік мерзімі аяқталған. Бірақ құрылыс бөлімі мердігерді сотқа бермек.
«Төрт құрылыс алаңын, осы үйді қабылдап алған, қол қойған. Әлі сот жұмыстарын жүргіземіз, бұл мердігер компаниямен. Мердігер компанияға ескерту жібереміз, одан кейін хабарласамыз», - дейді қалалық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі Нұрлан Әбжанов.