Ағылшын жерінен көлемі 100 млрд. баррельге дейін жететін мұнай қоры табылды. Англияның оңтүстігінде Солтүстік теңізде өндірілген барлық мұнайдан көлемі жағынан асып түсетін кен орны барланғанын кеше ұлыбританиялық UK Oil & Gas Investments (UKOG) мұнай барлау компаниясы хабарлады. UKOG-тың серіктесі, геофизикалық сараптама жасайтын америкалық Nutech компаниясының мәлімдеуінше, жаңа кеніш Лондонның Гэтвик әуежайының маңындағы Horse Hill-1 учаскесінде. Ондағы мұнайдың геологиялық қорын шаршы миліне шаққанда 158 млн. баррельден (шаршы км 61 млн. барр.) келеді екен. «Соған қарағанда, бұл ауданда 50-ден 100 млрд. баррельге дейін мұнай қоры бар дер болжап отырмыз», – депті UKOG бас директоры Стивен Сэндерсон BBC-ге жасаған хабарламасында. Бұл соңғы 30 жылда кәрі құрлықта анықталған ең ірі мұнай кеніші деуге толық негіз бар. «Horse Hill-1 кені геологиялық жағынан АҚШ-тағы Баккен және Батыс Сібірдегі Баженовск қатпарлы тасты коллекторлармен ұқсас», – делінген UKOG баспасөз хабарламасында. Америкалық баламаларымен салыстырғанда, мұнай өндіру коэффициенті 3%-тен 15%-ға дейін құрауы мүмкін. Сэндерсонның айтуынша, мұндай жағдайда 2030 жылға қарай Ұлыбритания мұнайға деген сұранысының 10-30% өндіре алады.
Ұлыбританияда соңғы 30 жылдағы ең ірі мұнай кеніші барланды

Ұлыбританияда соңғы 30 жылдағы ең ірі мұнай кеніші барланды