50276
Жерорта теңізінде 110 мигрант құтқарылды
Жерорта теңізінде 110 мигрант құтқарылды

Open Arms үкіметтік емес ұйымының белсенділері Орталық Жерорта теңізінде 110 мигрантты құтқарды деп хабарлады turkystan.kz.
Ливиядан шыққан заңсыз мигранттар теңізде 20 сағаттан астам уақыт қалған. Арасында 2 жасар қыз бала бар. Барлық мигранттар құтқарылып, дәрігерлер тексерісінен өтті.
Жыл басынан бері Италияға 16 мың мигрант табан тіреген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға артық.
БҰҰ-ның дерегінше, жыл сайын жақсы өмір іздеп Жерорта теңізі арқылы қауіпті сапарға аттанатын мыңдаған адам жағаға жете алмай опат болады.