Қазақстандық жас теннисші Ролан Гаррос турнирінде бақ сынады

Қазақстандық жас теннисші Ролан Гаррос турнирінде бақ сынады

Қазақстандық жас теннисші Ролан Гаррос турнирінде бақ сынады
ашық дереккөзі
50228
Қазақстандық Аружан Сағындықова жастар арасында Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады деп хабарлады turkystan.kz. Аружан іріктеу сайыстарының жартылай финалында франциялық Офалья Буллаймен кездесті. Екі сағатқа созылған тартысты матчта қазақстандық теннисші 6:4, 5:7, 10:6 есебімен жеңіске жетті. А.Сағындықова іріктеу сайыстарының финалында жапониялық Хая Киноситамен шеберлік байқасады. Іріктеу сайыстарының 6-ракеткасын жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады. Тағы бір жас қазақстандық Максим Батютенко жергілікті ойыншы Томас Фурельге жол берді – 6:4, 4:6, 7:10. Қазақстанның әйелдер арасындағы екінші, әлемнің 37-ракеткасы Юлия Путинцева үшінші айналымға өте алмады. Ол әлемнің 30-ракеткасы, италиялық Камила Джорджиден ұтылып қалды – 3:6, 5:7. Ю.Путинцева жұптық сында да жарыс жолынан шығып қалды. Ол америкалық Даниэль Коллизбен бірге румыниялық Моника Никулеску – бельгиялық Элисон Ван Эйтванктан жеңілді – 6:3, 3:6, 1:6.  

Серіктес жаңалықтары