Ішкі істер министрлігінде бірқатар тағайындау болды

Ішкі істер министрлігінде бірқатар тағайындау болды

Ішкі істер министрлігінде бірқатар тағайындау болды
ашық дереккөзі
Ішкі істер министрлігінің департамент басшылары тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz ІІМ сілтеме жасап. «Министрлікте полиция қызметтерінің басшы лауазымдарына үміткерлердің кандидатурасы қаралды. Бұл – Iшкі істер министрлігінің кадрлық тағайындауының жаңа форматы. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов және оның орынбасарлары, сондай-ақ мүдделі қызмет басшылары кандидаттардың кәсібилігі мен жеке қасиеттерін талқылады», делінген хабарламада. Кандидатураларды қарау және әңгімелесу нәтижелері бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен: – ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы лауазымына Айдос Рысбаев; – ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы лауазымына Хаджи-Ғали Имажанов; – ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары лауазымына Шыңғыс Алекешев; – ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары лауазымына Дамир Тайжанов; – Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Рүстем Тұңғышбаев тағайындалды.