Қазақтар украиналық әнді ұлттық аспаптармен орындап шықты (ВИДЕО)

Қазақтар украиналық әнді ұлттық аспаптармен орындап шықты (ВИДЕО)

Қазақтар украиналық әнді ұлттық аспаптармен орындап шықты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қазақтың ұлттық музыка аспаптарынан тұратын топ украин халқын қолдау мақсатында  «Ой, у лузы Червона калина» әнін орындады деп хабарлады turkystan.kz caravan.kz-ке сілтеме жасап. Танымал қазақстандық тележүргізуші Динара Егеубаеваның бастамасы бойынша қазақ музыканттары  «Ой, у лузы Червона калина» атты украин әніне ұлттық аспаптардың сүйемелдеуі арқылы өзіндік музыкалық аранжировка жасады.
«Украинаға жеңіс пен бейбітшілік тілейміз! Қазақстан жасасын! Әдемі композиция үшін рахмет», «Тамаша идея, орындаулары керемет! Украина,алға!», «Қазақстандықтар, жарайсыңдар! Халықтардың шынайы достығы, қазір Украинаны қолдау өте маңызды» деп жазды желі қолданушылары.