Көлікпен полициядан қашқан 15 жастағы ақтаулық жасөспірім ұсталды (ВИДЕО)

Көлікпен полициядан қашқан 15 жастағы ақтаулық жасөспірім ұсталды (ВИДЕО)

Көлікпен полициядан қашқан 15 жастағы ақтаулық жасөспірім ұсталды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ақтауда 15 жастағы жасөспірім ата-анасының көлігін рұқсатсыз алып, жоғары жылдамдықта полициядан қашпақ болған, деп хабарлады turkystan.kz  «Лада Ақтау» порталына сілтеме жасап. Оқиға 19 мамыр күні кешке 30-шағынаудандағы саяжайда орын алған. Жасөспірім ата-анасының көлігін рұқсатсыз алып кеткен. Полицейлердің көзіне түскен ол жоғары жылдамдықпен жол ережесін бұзып, төтенше жағдай туғызып, қашып кетпек болған. Тәртіп сақшылары құқық бұзушының көлігін тоқтатып үлгерді.
«Мән-жайды анықтау барысында 15 жастағы жасөспірім рұқсатсыз көлік кілтін алып кеткені анықталды. Құқық бұзушы кәмелетке толмағандықтан ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы «Көлік құралын құжатсыз және жүргізу құқығынсыз адамның басқаруы» және 591-бабы «Көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонын пайдалану» бойынша жауапкершілікке тартылады», – деп түсіндірді полиция.