«Сорақы жағдай»: Қызылордадағы жекеменшік білім мекемесінде шу шықты (ВИДЕО)

«Сорақы жағдай»: Қызылордадағы жекеменшік білім мекемесінде шу шықты (ВИДЕО)

«Сорақы жағдай»: Қызылордадағы жекеменшік білім мекемесінде шу шықты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қызылордадағы жеке оқу орталығында ата-аналар балаларының еденде ұйықтап, сапасыз тамақтанып келгенін айтып, аймақтағы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігіне шағым түсірген деп хабарлады turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап. Аталмыш орталық облыс орталығында орналасқан. Бұған дейін ата-аналар білім мекемесіне бірнеше мәрте шағым түсіргенімен, орталықтың жұмысын қадағалайтын құзырлы органдар жайбарақат отыр.
«Мен өткен жылдың қыркүйек айынан бастап 7 жасар баламды мектепке даярлық тобына берген болатынмын. Өзі - ерекше бала. Айына 27 мың теңгеден төлеп отырдым. Мұғалімдер баламның науқас екенін білді. Бастапқыда осындай заңсыздықтардың бар екеніне сенбеп едім, қазір шок күйде отырмын. Суретте еденде ұйықтап жатқан оқушылардың ішінде менің де балам бар. Бұл сұмдық қой», - деді ата-аналардың бірі Гүлжан.
Қазіргі ата-аналар емдеу мекемесінің үстінен құзырлы органдарға шағым түсірді. Олар балаларының құжаттары мен оқу ақысын қайтарып беруді талап етіп отыр. Алайда, орталық басшылығы кешірім сұраудың орнына, өздеріне тап беріпті.
«Бұл өте сорақы жағдай. Партаға сыймағандықтан балалар еденде отырып білім алуға мәжбүр болған. Ешқандай рұқсаты жоқ адамдар балаларға тамақ жасаған, ас мәзірі де дұрыс емес. Бұл құзырлы органдардың мүлдем жұмыс жасамайтынын білдіреді. Біз жоғары жақта мықты таныстары мен туыстары бар адамдардың балаларымыздың құқығын таптауға рұқсат бермейміз», - дейді «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының басшысы Ләззат Бақтыбаева.
Бүгінде тиісті мекемелер ата-аналардың шағымы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуді бастады.
«Орталық қызметі бақылауға алынды. Қалалық прокуратура уәкілетті органдармен бірге тексеру жұмыстарын жүргізеді және қосымша хабарланады», – деп жауап берді Қызылорда облысы прокуратурасының өкілдері.