Жеңілдетілген несие бойынша берілетін көліктер қанша тұрады?

Жеңілдетілген несие бойынша берілетін көліктер қанша тұрады?

Жеңілдетілген несие бойынша берілетін көліктер қанша тұрады?
ашық дереккөзі
«Қазақстандық автобизнес қауымдастығы» техникалық реттеу жөніндегі директоры Ербол Сейпілов жеңілдетілген несиелендіру бойынша қолжетімді көліктер құнын атады деп хабарлады turkystan.kz sputnik.kz сайтына сілтеме жасап. Үкімет 100 миллиард теңге бөлген жаңа бағдарлама бойынша жеңілдетілген автокредит белгілі бір көліктерге беріледі. 4%-бен қолжетімді автокөліктердің бағасы 5,9-дан 16,69 миллион теңгеге дейін болады. Chevrolet Cobalt - 5,99 млн теңгеден 6,49 млн теңгеге дейін; Hyundai Accent - 7,09 млн теңгеден 8,19 млн теңгеге дейін; Kia Rio - 7,89 млн теңгеден 10,49 млн теңгеге дейін; Kia Cerato - 9,89 млн теңгеден 12,49 млн теңгеге дейін; Kia K5 - 12,99 млн теңгеден 15,49 млн теңгеге дейін; Hyundai Elantra - 9,19 млн теңгеден 13,49 млн теңгеге дейін; Hyundai Sonata - 12,29 млн теңгеден 16,69 млн теңгеге дейін. Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасы 16 мамырда басталды. Оның шарты бойынша кез келген қазақстандық автомобильді жылдық 4%-бен сатып ала алады. Автокредит 10 миллион теңгеден аспайтын сомаға және 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бастапқы жарна 0%-бен басталады. Көлік жалпы құны 15 миллион теңгеден аспауы тиіс.