БҚО-да жоғалған бала шөптің арасында ұйықтап қалған

БҚО-да жоғалған бала шөптің арасында ұйықтап қалған

БҚО-да жоғалған бала шөптің арасында ұйықтап қалған
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысында түнде жоғалған 11 жасар бала таң ата табылды деп хабарлады turkystan.kz. БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожиннің мәлім еткеніндей, оқиға Бәйтерек ауданы Дариян ауылында 14 мамыр күні болған. Осы ауылдағы орта мектептің 5-сыныбында оқитын, биыл күзде 12-ге толатын Руханият Махамбетұлы шамамен сағат 22:30-да А.Пушкин көшесіндегі үйінен шығып кеткен.
«Ата-аналар өздігінен таба алмаған соң, таңғы сағат 4.00-де полицияға жүгінген. Бұрын бала үйінен кетпеген. Оны іздестіруге Приурал полиция бөлімінің жеке құрамы, шекарашылар және өрт сөндірушілер жұмылдырылды. Баланы полиция қызметкерлері таңғы сағат 5.00-де тапты. Ол жаураған соң шөпке оранып ұйықтап қалған», - деді Б.Нұрғожин.