Қытайлықтар да Сәбит Шонтақбаевтың ерлігіне тәнті болды

Қытайлықтар да Сәбит Шонтақбаевтың ерлігіне тәнті болды

Қытайлықтар да Сәбит Шонтақбаевтың ерлігіне тәнті болды
ашық дереккөзі
Елордада 8-қабаттағы терезеден үш жастағы сәбиді құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаевтың ерлігіне шетелдіктер де тәнті болып жатыр деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Айта кетсек, күні кеше ғана 8-қабаттағы терезеден салбырап тұрған 3 жасар қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаевтың оқиғасын шетелдік ақпарат құралдары да жазды. ҚазАқпарат агенттігінің осы оқиға туралы жаңалығы бүкіл әлемге, соның ішінде Қытайға да кеңінен тарап кеткен еді. Қытайтілді қолданушылардың көбі Twitter-де бұл оқиғаға пікір білдіріп, Сәбиттің әрекетін қолдап, эмоцияларын да қалдырған.
«Тірек нүктесі жоқ жерде өзі әрең ілініп тұрып ол баланы өз денесімен ұстап алды. Бұл - шынында, таңқаларлық жағдай. Сонымен қатар, оған терезеден үйге оралу оңай болған жоқ. Бұл құтқару оқиғасы шынымен де қатты әсер етті. Мықты, сапалы терезелер де көмектеседі екен», - деді қытай азаматтарының бірі.
Тағы бірі батырды мақтап, ұзақ ғұмыр тілеп: «Бұл - керемет құтқару оқиғасы. Жақсы адамдар ұзақ өмір сүреді» деген пікір қалдырды. «Өте ғажайып сәт екен, егер мен сол жерде болсам, қызды құтқармақ түгілі, осыған қарап тұруға да батылым жетпес еді...» деп те жазыпты. https://twitter.com/kazinform_chn/status/1524371425565495297?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1524371425565495297%7Ctwgr%5E%7Ctwcon%5Es1_c10&ref_url=https%3A%2F%2Fpublish.twitter.com%2F%3Fquery%3Dhttps3A2F2Ftwitter.com2Fkazinform_chn2Fstatus2F1524371425565495297widget%3DTweet