«Мұндай сұмдықты көргем жоқ»: Ақмола облысында мал қырылып жатыр

«Мұндай сұмдықты көргем жоқ»: Ақмола облысында мал қырылып жатыр

«Мұндай сұмдықты көргем жоқ»: Ақмола облысында мал қырылып жатыр
ашық дереккөзі
51508

 Ақмола облысында мал қырылып жатыр. Еркіншілік ауылының тұрғындары ірі-қараның белгісіз індеттен арам қатып жатқанын айтады. Төрт түлігін сақтап қалу үшін сиырлардың сілекейін жуып жүр. Өйткені көтерем болған аша тұяқтылардың аузынан ақ көбік ағып, төлі өлі туылып жатыр деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қазірге дейін ауылда 200-ден астам ірі қара өлген. Ал мал дәрігерлері ауылға тараған қандай ауру екенін анықтай алар емес. Сондықтан карантин де жарияланбапты. Қазір ауырып жатқандар әрбір үйде екіден, үштен тұр. Бәрі ауырып жатыр. Әр үйде екі-үшеуден. Алдындағы малының арам қатқанын көрген Еркіншілік ауылының тұрғындары әбден ашынған. Өйткені көктем шыға  ірі қара атаулының аузынан ақ көбік ағып, сілекейі шұбыра бастаған. Төрт түлікке кесел келді деп күдіктенгендер бірден мал дәрігері мен әкімдікке барыпты. Бірақ, одан бері бір ай өтсе де, індеттің неден тарағаны белгісіз дейді жиналғандар.

«Мынадай сұмдықты мен бұрын-соңды Қазақстанда көргем жоқ. Малдың мына сияқты қырылғанын. Осы бір пәле келгелі бір тыныштық та болған жоқ, демалыс та болған жоқ. Мына Үкіметтен ешбір жәрдем, ветврач деген адам көрген жоқпыз. Сельсовет дегеннің қайда екенін білмейміз. Қаншама күн болды. Мына жас жігіттердің арқасында емдеп-домдап келе жатырмыз», – деді Еркіншілік ауылының тұрғыны Байжігіт Мұсаұлы.

Тұрғындар ірі қарасын аман алып қалу үшін  өздері емдей бастаған. Инфекцияға қарсы егілетін дәрілерді өздері  сатып алған. Бірақ қандай аурудан емдеп жатқанын да білмейді. Екпе жасап тұрған да мал дәрігері емес. Әбден болмаған соң сиырдың сілекейін жуып, аузын жанармаймен шайған. Каустикалық соданы езіп те малдың езуіне құйыпты. Ал арам қатқан 200 бас сиырды ауыл сыртына апарып өртеп жібердік дейді. «Малым - жанымның садағасы» деп малмен күнелтіп отырған тұрғындар қазір не істерін білмей отыр. Көпшілігі көктем келіп, өріске шыққан ірі қарасын қорасына қайта қамап қойған. Ал бәрінен бұрын мемлекеттік бағдарлама арқылы несиеге  табын-табын сиыр сатып алған шаруалар әбден сасып отыр. Еркіншілік ауылынан 159 адам өзін-өзі жұмыспен қамтуға  мемлекеттен 3 миллионнан 9 миллион теңгеге дейін несие алған. Ал қырылған малға мемлекет бір тиын да өтемақы төлемеуі мүмкін. Өйткені әлі күнге ауылды жайлаған не індет екені белгісіз.

«Зертханаға сараптамаға материалын жібердік. Сілекейін жібердік, қан сынамаларын жібердік. Бірақ алғашқы бетте диагностикум болмады. Сондықтан тексере алмады. Ақырғы кезде келген сынаманың нәтижесі бойынша аусыл ауруы емес, ящур емес деген сараптамамыз бар», – деді Ақмола облысы Ветеринария басқармасының басшысы Талғат Жүнісов.

Қазір індет жайлаған Еркіншілік ауылына 5 миллион теңгенің дәрі-дәрмегі жөнелтілген. Бірақ оны тұрғындар өз қаражатына сатып алуға тиіс. Әзірге 10 мың ірі қарасы бар ауыл жұрты  осы ауру малдың етін жеп, сүтін ішіп отыр. Тағы оқи отырыңыз: Маңғыстау облысында қуаңшылықтан 1400 бас мал қырылып қалған

Серіктес жаңалықтары