Елордада баланы ажалдан аман алып қалған азамат марапатталды

Елордада баланы ажалдан аман алып қалған азамат марапатталды

Елордада баланы ажалдан аман алып қалған азамат марапатталды
ашық дереккөзі
Елордада 8-қабаттағы терезеден салбырап, құлап қала жаздаған баланы құтқарған Сәбит Шонтақбаев «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды деп хабарлады turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ТЖ бірінші вице-министрі, генерал-лейтенант Күлшімбаев Ибрагим батыр азамат Сәбит Шонтақбаевты «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Ол елордада баланы терезеден құлаудан құтқарды» деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетсек, 11 мамыр күні сағат 10:21-де «Ұлы Дала көшесі, 27/1» мекенжайындағы үйдің 8-қабатындағы терезеде баланың ілініп тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен. Шақырту орнына жеке құрамнан 7 адам және 2 бірлік техникадан тұратын Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД бөлімшелері жедел жіберілген. Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде сегізінші қабаттағы терезеден салбырап тұрған баланы ер адам құтқарғаны анықталды.

«Құрметті ата-аналар, бұл бала аман-есен құтқарылған сәтті оқиға, бірақ нәтижесі қайғылы фактілер де бар. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар! Егер үйде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмаңыздар!» деп түйінделген ТЖМ хабарламасында.