«Екі адамға оқ тиген»: Алматыда атыс болды

«Екі адамға оқ тиген»: Алматыда атыс болды

«Екі адамға оқ тиген»: Алматыда атыс болды
ашық дереккөзі
Алматыда 39 жастағы ер адам екі танысына травматикалық тапаншадан оқ атқан деп хабарлады turkystan.kz. Алматы қалалық Полиция департаменті фактіні растады.
«Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдікті – 1983 жылы туған азамат. Ол ұсталып, қамауға алынды. Белгілі болғанындай, Медеу ауданына қарасты шағынаудандардың бірінде тұратын үш ер адамның арасында жанжал туындаған. 39 жастағы тұрғын травматикалық тапаншадан 1973 жылғы екі адамға оқ атты», - деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.
Полиция өкілінің айтуынша, зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Қылмысты тексеру үшін тергеу-жедел тобы құрылды.