Маңғыстауда 23 жолаушы батпақта қалып қойған

Маңғыстауда 23 жолаушы батпақта қалып қойған

Маңғыстауда 23 жолаушы батпақта қалып қойған
ашық дереккөзі
Маңғыстау облысында батпаққа батып қалған автобустағы адамдар құтқарылды деп хабарлады turkystan.kz Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«9 мамыр күні ПАЗ автобусымен 23 адам Ақмешіт қорымына зиярат етуге шығып, орта жолда батып қалған. 13 адам сол күні түнде УАЗ көлігімен Бейнеуге оралды. Қалған 10 адам сол маңайдағы ауылда түнеген. Келесі күні, 10 мамырда сағат 9:00-де қалған 10 адамды құтқаруға Бейнеу ауданы ТЖБ 2 қызметкері және әкімдіктің 2 қызметкері, ҚазТрансОйл мекемесінің 1 қызметкері және 3 тумалас кісілері көмекке шықты. Құтқару жұмыстарына КамАз бен УАЗ көлігі  жұмылдырылды. Сағат 15:00 шамасында жолаушылар да, автобус та Бейнеуге жеткізілді» деп жазылған хабарламада.
Айта кетсек, Ақмешіт қорымы — «Бейнеу — Шағырлы» бағытында Бейнеуден солтүстік-шығысқа қарай 70 шақырым жердегі Шиланды елді мекенінде орналасқан.