Алматы көшесінде Қасым хан бейнеленген мурал пайда болды

Алматы көшесінде Қасым хан бейнеленген мурал пайда болды

Алматы көшесінде Қасым хан бейнеленген мурал пайда болды
ашық дереккөзі
Қасым хан бейнеленген алып картина Қабдолов және Өтеген батыр көшелерінің қиылысында орналасқан Grand Park сауда кешенінің қабырғасына салынды, – деп хабарлады ҚазАқпарат.
«Аталған мурал Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының тапсырысы бойынша салынды. Бұл мәдени іс-шара режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» фильмінің прокатқа шығуына орай ұйымдастырылғанын айта кету керек. Муралды жас суретшілер Карина Азимжанова мен Гафура Қайырбекова кескіндеді. Олардың айтуына қарағанда, Қасым ханның бейнесін салуға бір апта және 120 дана баллон бояу кеткен екен» деп жазды ведомстводан.