Атырау облысында 11 адам іс-түссіз жоғалып кеткен

Атырау облысында 11 адам іс-түссіз жоғалып кеткен

Атырау облысында 11 адам іс-түссіз жоғалып кеткен
ашық дереккөзі

Атырау облысында іс-түссіз жоғалып кеткен 11 адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы Исатай ауданында 11 адам жоғалып кеткенін растаған.
«Бүгін, 9 мамырда сағат 10:50-де Исатай ауданында бір күн бұрын хабар-ошарсыз кеткен 11 адамды іздестіру қайта жалғасты. «УАЗ» маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен 10 жолаушы 8 мамыр күні сағат 14:00-де «Ақмандай» учаскесіне бару үшін жолға шыққан. Бұл учаске аудан орталығы – Аққыстау ауылынан 160 шақырым қашықта орналасқан. Алайда, жолға шыққан адамдар осы уақытқа дейін Аққыстау ауылына оралмағаны анықталды», - деп айтылған мәлімдемеде.