Қытайда үй құлап, 53 адам қаза тапты

Қытайда үй құлап, 53 адам қаза тапты

Қытайда үй құлап, 53 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Қытайда заңсыз салынған үй құлап, салдарынан 53 адам қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға Қытайдың Чанша қаласында көпқабатты үйдің бірінде болған. Қазіргі кезде құтқарушылар жоғалған тұрғындардың бәрін тапқан. Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылды. Еске салсақ, өткен жұмада Қытайдың Чанша қаласында 6 қабатты үй опырылып құлаған болатын. Запа шеккендерді іздеу барысында үйінді астынан 10 адам аман-есен шығарылды. Үй құлау фактісіне қатысты 9 адам қамауға алынды. Тағы оқи отырыңыз: Өзбекстан шекарашылары Қырғызстанның үш азаматын атып өлтірді