Өзбекстан шекарашылары Қырғызстанның үш азаматын атып өлтірді

Өзбекстан шекарашылары Қырғызстанның үш азаматын атып өлтірді

Өзбекстан шекарашылары Қырғызстанның үш азаматын атып өлтірді
ашық дереккөзі
Өзбекстан шекарашылары Қырғызстанның үш азаматына қару қолданған. Оқиға 5 мамыр күні Жалал-Абад облысы, Ала-Бұқа ауданы, Ақтам ауылдық кеңесінің Добо-Қорған елді мекенінде болған деп хабарлады turkystan.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Үш қырғызстандық азамат жарақат алып, Ала-Бұқа аудандық ауруханасына жеткізілді. Олар сол жерде ес жимастан қайтыс болған. «Оқыс оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қырғыз Республикасының Ала-Бұқа бағытындағы шекара өкілі Өзбекстанның Янги-Курган бағытындағы шекара өкілімен кездесу өткізді. Тараптар қызметтік тергеу қорытындылары бойынша кездесуді 6 мамырда жалғастыруға уағдаласты. Факті бойынша, тергеу шаралары басталды», - деп хабарлады Қырғызстан ҰҚК Шекара қызметі.