Түркістанда Қазыбек бидің 355 жылдығына орай ғылыми конференция өтті

Түркістанда Қазыбек бидің 355 жылдығына орай ғылыми конференция өтті

Түркістанда Қазыбек бидің 355 жылдығына орай ғылыми конференция өтті
ашық дереккөзі
Түркістанда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Қаз дауысты Қазыбек бидің қазақ қоғамындағы орны мен рөлі» атты ғылыми конференция өтті деп хабарлады turkystan.kz. Іс-шара ұлы бидің 355 жылдығына арналды. Оған еліміздің бірнеше өңірінен ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты. Конференцияны филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбек ашып, Ғылым академиясының вице-президенті, профессор Ғалымқайыр Мұтанов пен мемлекет және қоғам қайраткерлері Оразкүл Асанғазы, Амалбек Тшановтар құттықтау сөз сөйледі.  width= Ғалымдар Қазыбек бидің елге сіңірген еңбегі, қайраткерлік тұлғасы жайлы айтып, ұлы би мұрасын бүгінгі күн қажетіне жарату туралы өз ойын ортаға салды. Конференцияның пленарлық мәжілісінде Е.Букетов атындағы ҚарҰУ ректоры, з.ғ.д., профессор Нұрлан Дулатбеков бастаған бірнеше танымал ғалым баяндама жасады. Ғылыми жиынның екінші бөлімі секциялық мәжілістерде жалғасын тапты. Жалпы конференцияға 63 ғылыми мақала ұсынылды. Келіп түскен материалдар алдағы уақытта жинақ болып шығарылмақ.