«Референдум өткізу – биліктің ғана емес, халқымыздың кемелділігінің көрсеткіші» – Дәурен Базаров

«Референдум өткізу – биліктің ғана емес, халқымыздың кемелділігінің көрсеткіші» – Дәурен Базаров

«Референдум өткізу – биліктің ғана емес, халқымыздың кемелділігінің көрсеткіші» – Дәурен Базаров
ашық дереккөзі
Бүгінде елімізде азаматтар өмірінің барлық саласын қозғайтын маңызды оқиғалар орын алуда. Басты оқиға – еліміздің Негізгі заңына толықтырулар енгізу. 1995 жылы Конституция қабылданғаннан кейін Парламент қабырғасында Ата заңға 4 рет түзетулер енгізілді. Алайда, азаматтар бұл үдерістерге тікелей қатыспады, өз ұстанымдарын білдірмеді. Конституция – мемлекеттік құрылымды айқындайтын, азаматтардың өмірінің барлық салаларын реттейтін және барлық деңгейдегі заңдардың одан әрі қабылдануына негіз болатын басты құжат. Мемлекет басшысы Қазақстанның одан әрі дамуы саяси реформаларсыз мүмкін емес екенін мәлімдеді. Осы бағытты ұстанып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» саясатын жүзеге асыра отырып, Президент Қ.К.Тоқаев Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша референдум жариялады. Референдум тікелей демократияның құралы болып табылады. Азаматтардың ерік-жігерінің маңызды процесі. Қоғамда қалыптасқан қағидаттарды өзгертетін шешімдерді қабылдауға халықты тарту арқылы жаңа саяси мәдениетті қалыптастырады. Еліміздің одан әрі даму бағытын азаматтар шешуі керек. Оның үстіне, осындай маңызды мәселені референдумға шығару – биліктің халыққа деген сенімінің көрсеткіші, билік пен әрбір азаматтың өзара іс-қимыл көпірлерін құрудың өлшемі. Референдум өткізу – биліктің ғана емес, халқымыздың кемелділігінің көрсеткіші.  

Базаров Дәурен Ермекұлы,

«АМАNАТ» партиясының Қоғамдық саясат институты

Саяси талдау бөлімінің жетекшісі