«10 күнде 1 111 111 теңге»: ақтаулық жігіт Африкада құдық салу үшін қаржы жинап көмектесті (ВИДЕО)

«10 күнде 1 111 111 теңге»: ақтаулық жігіт Африкада құдық салу үшін қаржы жинап көмектесті (ВИДЕО)

«10 күнде 1 111 111 теңге»: ақтаулық жігіт Африкада құдық салу үшін қаржы жинап көмектесті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50502

Ақтау қаласының тумасы Жәнібек Жарасұлы Африкада құдық салуға миллион теңгеден астам қаражат жинаған. Стамбулда оқуын жалғастырып жүрген ол балаларды қолдау туралы мәліметтерді көріп, көмектесуге бекінген деп хабарлады turkystan.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

«Мен бірде «Африка медресесінің балаларына қолдау көрсету» бағдарламасын көріп қалдым.  Қазір ойласам,  бұл қадамға мені аяушылық сезімі итермелегендей», - деді Жәнібек Жарасұлы.

Ұйымдастыру жұмысының басым бөлігін аты-жөнін атамауды өтінген қыз атқарған. Жинақ туралы халық әлеуметтік желілерден білген. Олар 10 күнде 1 111 111 теңге қаражатты жинап үлгерген. Камерундағы ауызашарға 620 ауыл баласы жиналып, олар үшін ең маңыздысы болған керемет ауыз суы бар құдықтың ашылуына қатысты.

«Шындығында, қаражат жинау мәселесі бізді қатты алаңдатты. Мақсатымызды орындай аламыз ба деген ойлар үлкен толқуға әкелді. Дегенмен, жақсылықтың нәсілге, ұлтқа бөлінбейтінін дәлелдей алдық. Балалар қуанған видеорепортаждарды көріп қатты толқыдым. Олар қарапайым сумен отырып тамақтанғандарына қуанады. Бұл кішкентай балалар біздің қанағаттануды ұмытып, бақытты болуды білмей жататынымызды көрсетті. Сондай-ақ қандай қиндық болса да білімге ұмтылу керек екенін білдірді», – деді Жарасұлы.

Ол, сонымен қатар, жақындары мен достарына қолдау білдіргендері үшін алғыс айтты.

 

Серіктес жаңалықтары