Ресей Украинадағы соғыста сүңгуір қайықтан зымыран соққысын жасады (ВИДЕО)

Ресейдің әскери қолбасшылығы Украинамен соғыста соққы беру үшін суасты флотын қолданғанын алғаш рет мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

29 сәуірде ресейлік Қорғаныс министрлігі Украинадағы жердегі нысандарға «Калибр» круиздік зымырандарымен соққы бергенін, ол Қара теңізде орналасқан дизельді сүңгуір қайықтың бортынан түсірілгенін мәлімдеді.

Мәлімдемемен қатар видео тарады. Кадрларда белгіленбеген жерде су астынан екі зымыран тікелей ұшқаны көрсетілген.

Батыс сарапшылары соғыста қарудың жаңа түрі қолданылған сайын жанжалдың әдеуір ұшығу қаупі барын айтады.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button