СҚО Қорғаныс істері департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментке Қорғаныс министрінің бұйрығымен подполковник Азамат Айдабулов басшы болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz.

Азамат Исламбекұлы 1979 жылы 18 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы сол кездегі Үлкен Нарын ауданында дүниеге келген.

2000 жылы Алматы қаласындағы ҚР ҚК Әскери академиясын командалық-тактикалық автомобильдік әскерлері бағдарламасы бойынша тәмамдаған. Сол жылы қазіргі Нұр-Сұлтан қаласындағы 14776 әскери бөлімде еңбек жолын бастайды.

2000-2019 жылдар аралығында Өскемен және Семей қалаларында түрлі әскери лауазымда еңбек етті.

2006 жылы Ұлттық қорғаныс университетін бітірген.

2019 жылдан бастап жаңа тағайындауға дейін Шығыс Қазақстан облысы Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары-штаб бастығы қызметін атқарды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button