Илон Маск Coca-Cola-ны кокаинге толтыратынын айтты

Илон Маск Twitter-ді алғаннан кейін «ішіне кокаинді қайтару үшін» Coca-Cola-ны сатып алатынын айтты деп жазды turkystan.kz. ХІХ ғасырда әйгілі сусынға арналған сироптың құрамына кокаин тектес алкалоиды бар кока жапырақтарының сығындысы кірген.

Tesla және SpaceX компанияларының бас директоры Илон Маск өзінің жақында ғана сатып алған Twitter әлеуметтік желісінде соңғы бірнеше сағат ішінде пайдаланушылар арасында қызу пікірталас тудырған бірқатар хабарламалар қалдырды.

Жазбалардың бірінде Илон Маск Coca-Cola-ның иесі болғысы келетінін мәлімдеді.

«Ендігі кезекте мен құрамына кокаинді қайтару үшін Coca-Cola-ны сатып аламын», – деп жазды Маск.

Желі қолданушылары миллиардердің бұл жазбасына түрлі пікір білдіріп, оның басқа қандай компания, ел немесе ұйым сатып ала алатыны туралы ұсыныстар жасай бастады.

Бұған дейін, атақты кәсіпкер Twitter-ді мүмкіндігінше көңілді және қызықты еткісі келетінін айтқан.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button