Қазақстанда қолжетімді ипотека бағдарламасы дайындалып жатыр (ВИДЕО)

Қазақстанда қолжетімді ипотека бағдарламасы дайындалып жатыр (ВИДЕО)

Қазақстанда қолжетімді ипотека бағдарламасы дайындалып жатыр (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қазақстанда жаңа қолжетімді ипотека пайда болуы мүмкін. Оның операторы «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» болады. Әзірге механизмдері мен несиелендіру шарттары дайындалып жатыр, кейін жоба мақұлдауға жіберіледі деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап. Жобаны мемлекет қаржыландыратыны белгілі болды.
«Қазір нарықтағы жағдай бойынша ипотека 18-19 пайызбен беріледі. Біз бағаның белгіленуіне сараптама жүргіздік. Қазір орта класс үшін қолайлы мөлшерлеме 11-12 пайыз. «7-20-25» бағдарламасы өз мақсатына жеткен соң ипотекалық несиелендіру нарығын қолдауды жалғастыру ақылға қонымды болады деп ойлаймын», - деді «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ төрағасының орынбасары Олжас Салықов.
Компания мамандарының сөзінше, бағдарламаға қазірдің өзінде сегіз банк қызығушылық танытқан. Олар жаңа механизмді меңгеріп, несиелендіруді бастауға әзір. Сонымен қатар алдағы төрт жылда нарықты қолдау үшін үкімет 1 триллион теңгеден астам қаржы жұмсауды жоспарлап отыр. Қолжетімді ипотека операторы келешек борышкерлер туралы да ақпарат ұсынды. Бұл – отбасыға шаққанда шамамен табысы жарты миллион теңге болатын және ай сайын 200 мың теңге төлеуге мүмкіндігі бар азамат. Бастапқы жарна 20% болмақ. Айта кетсек, пәтерді тек жаңа немесе құрылысы жүріп жатқан үйден алуға болады. Әзірге максималды сомасы белгісіз.