258 млн теңге: Қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген көлік иелеріне өтемақы төленді

258 млн теңге: Қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген көлік иелеріне өтемақы төленді

258 млн теңге: Қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген көлік иелеріне өтемақы төленді
ашық дереккөзі
Алматы әкімдігі қаңтар оқиғасы кезінде көліктері зақымданған немесе қираған тұрғындарға 258 млн теңге төледі деп жазды turkystan.kz. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, қала әкімдігімен шағын және орта бизнес субъектілеріне ғана емес, сонымен қатар қаңтар оқиғалары кезінде көліктері зақымданған немесе қираған Алматы қаласының тұрғындарына келтірілген шығынды өтеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Осы уақытқа Алматы қаласы аудандарының әкімдіктеріне көлік иелерінен келтірілген шығынды өндіру туралы 99 талап-арыз түскен. Жеке тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу тетігіне сәйкес (Үкіметтің 2013 жылғы 28 тамыздағы №877 қаулысымен бекітілген Терроризм актісі нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік залалды өтеу қағидаларына сәйкес) жалпы сомасы 258 млн теңгені құрайтын 54 өтініш қанағаттандырылды (Алмалы ауданы – 33, Әуезов ауданы – 9, Түрксіб ауданы – 12)», – деп мәлімдеді Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, аудан әкімдіктері бүлінген және өртенген көліктер бойынша тағы 45 өтінішті қарап жатыр (Бостандық ауданы – 40, Медеу ауданы – 5). Әкімдіктің хабарлауынша, олар бойынша төлемдерді ағымдағы жылдың 15 мамырына дейін төлеу жоспарланып отыр. Қосымша өтініштердің түсуіне байланысты Алматы қаласы аудандық әкімдіктерінің бұл бағыттағы жұмыстары жалғасын табады. Өтініштерді аудан әкімдіктері келіп түскен күннен бастап 1 ай ішінде қарайды. Мүліктік залалды бағалау өтініш тіркелген күннен бастап 7 күн ішінде тағайындалады және оны жәбірленушінің өзі таңдаған тәуелсіз сарапшылар жүргізеді.