Блогердің бастамасымен мемлекеттік бағдарлама шығады

Блогердің бастамасымен мемлекеттік бағдарлама шығады

Блогердің бастамасымен мемлекеттік бағдарлама шығады
ашық дереккөзі
Белгілі журналист, экономист, блогер Дәулет Мұқаевтың бастамасымен мемлекеттік бағдарлама шығады деп хабарлады turkystan.kz. Ол Instagram-дағы dauletten парақшасында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың қабылдауында болғанын, өзінің бастамасымен мемлекеттік бағдарламаның шығатынын айтты.
«Бүгін Үкімет үйінде вице-премьер Ералы Лұқпанұлының қабылдауында болдым. Менімен бірге @asarume_kz негізін қалаушы Асхат мырза да болды. Бұйырса, менің бастамаммен жақсы бір мемлекеттік бағдарлама жарыққа шықпақ. Сәттілік тілеп қойыңыздар. Ол бағдарлама жайлы кейін айтамын. Ертең тағы маңызды кездесулер бар», - деді ол.
Тағы оқи отырыңыз: Мақсат Толықбай мен Дәулет Мұқаев AMANAT партиясының саяси кеңес құрамына кірді