Павлодарда ер адам фирманың барлық ақшасын құмар ойынға құртқан

Павлодарда ер адам фирманың барлық ақшасын құмар ойынға құртқан

Павлодарда ер адам фирманың барлық ақшасын құмар ойынға құртқан
ашық дереккөзі
Павлодарда ЖШС қызметкері 24 млн теңгені теңгені ысырап еткен. Ол фирманың бүкіл ақшасын құмар ойынған құртқан деп хабарлады turkystan.kz. Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ЖШС қызметкері дүкендерден темекіге тапсырыс жинап, тауарлар жеткізген. Ал дүкендерден жиналған ақшаның бір бөлігін бухгалтерияға тапсырып, бір бөлігін өзіне қалдырып отырған. Осылайша, 4 айда 24 млн теңгені өзі алған. Ол құмар ойынға тәуелді. Жігіт фирманың барлық ақшасын жұмсап жіберген.
«Павлодар қаласының полициясына ЖШС-нің директоры тауарларды ысырап ету фактісі бойынша жүгінді. Полиция қызметкерлері осы компанияның 26 жастағы сауда агенті 2021 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін сеніп тапсырылған темекі өнімдерін ысырап еткенін анықтады», – делінген ПД хабарламасында.
Қазір осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тағы оқи отырыңыз: Павлодарда жасөспірімді еш себепсіз сабаған ер адам сотталды