Павлодарда жасөспірімді еш себепсіз сабаған ер адам сотталды

Павлодарда жасөспірімді еш себепсіз сабаған ер адам сотталды

Павлодарда жасөспірімді еш себепсіз сабаған ер адам сотталды
ашық дереккөзі
Іс әкімшілік құқықбұзушылық бойынша мамандандырылған сотта қаралды. Белгілі болғандай, балаға тап берген павлодарлық төбелес кезінде қатты мас болып, не істегенін білмей қалған деп хабарлады turkystan.kz.
«2022 жылдың 20 наурызында Қайырбаев көшесінде ер адам 14 жастағы жасөспірімге қасақана дене жарақатын салып, денсаулығына жеңіл деңгейде зиян келтірді. Полиция қызметкерлері ер адамның шынымен де кәмелетке толмаған баланы себепсіз ұстап алып, жұлқылап жатқан бейнежазбаны ұсынды», - деді мамандандырылған соттың баспасөз қызметіндегілер.
Сотта құқық бұзушы өз кінәсін толықтай мойындады. Павлодарлық кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.