«Папаға Азия чемпионы болсаң да бәрібір»: Мәдина Бақбергенова сиыр сауып жүр (ВИДЕО)

«Папаға Азия чемпионы болсаң да бәрібір»: Мәдина Бақбергенова сиыр сауып жүр (ВИДЕО)

«Папаға Азия чемпионы болсаң да бәрібір»: Мәдина Бақбергенова сиыр сауып жүр (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде әйелдер күресінен Азия чемпионы Мәдина Бақбергенованың әке-шешесінің тапсырмасын орындап, сиыр сауып жатқан видеосы көпшілікті сүйсіндірді деп хабарлады turkystan.kz. Бейнежазба журналист Әйгерім Тоқсанбектің Facebook-тегі парақшасында жарияланды.
«Папаға Азия чемпионы болсаң да бәрібір. Жұмыс істеткізіп қояды», - деген сыңарына Мәдина: «Түсіндіре алмайсың, иә?» - дейді.
Жазбаның астына спортшыны қолдап, пікірлер жазып жатқандар да көп. Кейбір адамдар «Міне, осындай үй жұмысы мен бозкілемдегі жаттығуды ұштастыра білгендіктің арқасында Азия чемпионы болды. Жарайсың, қызым!», «Үйге деген, отбасына деген махаббат ибалы тәрбие мен еңбекпен өрілерін түсінген ЧЕМПИОН екен!!! Жолдарың сәтті болсын!!!» десе, белгілі журналист Көсемәлі Сәттібайұлы: «Қандай керемет шынайылық! Олжасым Тайландтан Азия чемпионы боп келген кезде түн жарымында өзіміз ғана қарсы ап ек...», - деп, бала деген бауыр еттің ең алдымен ата-анаға ғана керектігін айтып, пікір қалдырған. Тағы оқи отырыңыз: «Тұғырда - Жәмила мен Мәдина»: егіз қыздар Азия чемпионы атанды