«Тұғырда - Жәмила мен Мәдина»: егіз қыздар Азия чемпионы атанды

«Тұғырда - Жәмила мен Мәдина»: егіз қыздар Азия чемпионы атанды

«Тұғырда - Жәмила мен Мәдина»: егіз қыздар Азия чемпионы атанды
ашық дереккөзі
Моңғолияның астанасы – Ұлан-Батыр қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сапындағы егіз балуандар Жәмила мен Мәдина Бақбергеновалар еліміздің Әнұранын ойнатып, көк байрағын желбіретіп, құрмет тұғырының ең биік сатысынан көрінді деп хабарлады turkystan.kz. Чемпионатта 68 келіге дейінгі салмақта Мәдина Бақбергенова финалда Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, қырғыз қызы Меерим Жұманазарованы 3:2 етіп ұтып, алтын жүлдені жеңіп алса, оның егіз сыңары Жәмила 72 келіге дейінгі салмақта жапон, өзбек, үнді және моңғол балуандарын жеңіп, Азия чемпионы атанды. Ол 2020 жылы Үндістанда өткен чемпионатта да топ жарған болатын. 76 келіге дейінгі салмақта Гүлмарал Еркебаева қола медальға ие болды. Ал 53 келіге дейінгі салмақтағы Жұлдыз Ешімова қола жүлде үшін өзбекстандық қазақ қызы Ақтеңге Кеунімжаевамен күреседі. Қазақстан құрамасы әзірше командалық есепте бірінші орында тұр. Чемпионат 24 сәуірде аяқталады. Жәмила мен Мәдина Бақбергеновалар Тағы оқи отырыңыз: «Екі күнде екі алтын медаль»: Мейіржан Шермаханбет Азия чемпионы атанды