Елорда тұрғыны 13 жастағы қызға ішімдік ішкізіп, еліткіш дәрі берген

Елорда тұрғыны 13 жастағы қызға ішімдік ішкізіп, еліткіш дәрі берген

Елорда тұрғыны 13 жастағы қызға ішімдік ішкізіп, еліткіш дәрі берген
ашық дереккөзі
Ақмола облысының Ақкөл ауданына қарасты елді мекендердің бірінде тұратын 13 жастағы тұрғынның еліткіш дәрі-дәрмектер, бірнеше рет алкогольдік ішімдіктер ішкені анықталды деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. Заңсыз әрекеттерді 2021 жылдың 25 желтоқсаны мен 26 желтоқсаны аралығында 34 жастағы елорда тұрғыны жасаған. Қазір Ақкөл аудандық ПБ тергеу бөлімі бұл дерек бойынша ҚР ҚК 133-бабының 1-бөлігіне («Кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту») сай соталды тергеуді бастады.
«Кәмелетке толмаған адамды алкоголь және құрамында спирт бар өнімдерді, еліткіш дәрі-дәрмекті жүйелі пайдалануға (ішуге) тарту жасөспірімдер маскүнемдігіне әкеледі. Ал баптың санкциясында осы қылмыс үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген», - делінген хабарламада.