Жер шарының ең қарт тұрғыны қайтыс болды

Жер шарының ең қарт тұрғыны қайтыс болды

Жер шарының ең қарт тұрғыны қайтыс болды
ашық дереккөзі
Жер шарының ең қарт тұрғыны Кейн Танака қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz. Қаңтар айында ол 119 жасқа толған еді. 2019 жылы жер бетіндегі ең қарт адам деп танылған жапондық Кейн Танака 19 сәуірде 120 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл жайында NHK телеарнасы ақпарат таратты. Кейн Танака 1903 жылы 6 баласы болған Кумакичи мен Кума Отаның отбасында дүниеге келген. Кейн екі дүниежүзілік соғыстан аман өтіп, реформатор император Мэйдзиден бастап, оның шөбересі, қазіргі император Нарухитомен аяқталатын 5 императордың билігін көрді.